«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Бестемше” – ұлттық ойын

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақтың ұмытылып кеткен не­месе санадан енді өше бастаған ұлт­тық ойындары көп. Ғасырлар жыл­ғасында қалыптасқан әрбір ойын­ның мән-мағынасы терең екендігі сөзсіз. Оларды қайта жаңғыртып, қол­данысқа енгізу өте маңызды. Осындай игі бастаманы облыс орта­лығындағы “Айгөлек” балабақшасы қолға алды. “Бестемше” ойынын жаңғыртуды жөн көрген олардың алғашқы жетістігі көпшілікті қуантып отыр.

“Бестемше” – қазақ халқының ба­йырғы заманнан келе жатқан ұлттық ойыны. “Айгөлек” балабақшасының әдіскері Ғалия Сәрсекеева баланың дамуына пайдасы зор екендігін ай­тады. Бұл ойын қазақ балаларына ғана емес, басқа ұлт өкілдерінің бүл­діршіндеріне де ұнап қалған. Жүйелі ойлауға, ойын дұрыс жеткізе сөй­леуге, қол моторикасын дамытуға септігі бар.

Бұл ұлттық ойынды астаналық­тар 2020 жылы қолданысқа енгізген. Қазақтың тоғызқұмалағына ұқсас ойынның ережесі балаларға арнал­ған амал-тәсілдермен жетілдіріл­ген. Бес таспен ойналады. Әдіскер­лер ұлттық ойынның негізін сақтай отырып, одан әрі дамытуды жөн көр­ген екен. Бүгінде “Алаңдағы бестем­ше”, “Магниттік бестемше” деген түр­лері пайда болған.

Астанадағы “Шолпан” балабақ­шасы қызылжарлық балғындарды “Ынтымақты отбасы” сайысына ша­қырып, біздікілер қарсыластарымен сайысқа түсті. “Айгөлек” балабақша­сының тәрбиеленушісі Арнұр Сәкен осы ойын арқылы санауды үйренге­нін айтады.

Ойынды тәрбие бағдарлама­сына енгізген “Айгөлек” балабақша­сы­ның әкімшілігі басқа оқу-тәрбие мекемелеріне де ұсыныс жасап отыр. Ойынды үйрету үшін қалалық семинар да өткізген. Алдағы мақсаттары – “Бестемше” ұлттық ойынын солтүстікте кеңінен насихаттау.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp