«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бір қорап темекі ұрлағаны үшін қар күреп, көше тазалайды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданының тұр­ғыны бір қорап темекінің ақшасын төлемей кеткені үшін жаза­ланды.

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қыз­метінің мәліметінше, ол демалу үшін Петропавлдағы досының үйіне кел­ген. Қонақ спирттік ішімдік ішкеннен кейін жақын маңдағы дүкенге бара­ды. Сатушыдан бір қорап темекі сұ­рап алғаннан кейін ақысын төлемей қашып кетіпті. Кейін ол бұл қылмысқа мас болғандықтан барғанын айтып, ақталмақ болды.

Ер адамға ауырлығы орташа са­натқа жататын және Қазақстан Рес­публикасы қылмыстық кодексінің 191-бабының 1-бөлігі бойынша “То­нау”, яғни бөтеннің мүлкін ашық ұр­лау ретінде сараланатын қылмыс жасады деген айып тағылды.

Бір қорап темекіні қолды еткен Қызылжар ауданы тұрғынының ісі сот­та қаралды. Сот үкімімен ол енді 300 сағат қоғамдық жұмыстарға жегі­леді және пробация бөлімінің есе­біне алынды. Ауылдық округ әкім­дігінің маманы белгілеген жұмыс жос­парына сәйкес сотталған адам ауыл аумағын абаттандыру және қыста қар күреу жұмыстарымен айналы­сатын болады.

Қызылжар ауданының пробация қызметі сотталған адамның жеке ба­сын, оның бейімділігін, қылмысқа ық­пал етуі мүмкін тұрғын үй және от­басылық проблемаларын зерделеу мақсатында есепке алынған адаммен оны түзетуге бағытталған әңгіме жүргізді.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp