«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жарыс жолында – полицейлер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлері Бор­ки кентіндегі шаңғы жолында кездесті. Мұнда “Динамо” дене шы­нықтыру-спорт қоғамының дәстүрлі спартакиадасы бастал­ды.

Жыл сайын өткізілетін спарта­киа­даның бірінші түрі – шаңғы жары­сында полицей әйелдер арасында Мамлют аудандық полиция бөлі­мінің қызметкері Юлия Волошина үшінші болып мәреге жетті, ал об­лыстық полиция департаменті аппа­ратының қызметкері Татьяна Долбы­шева жеңімпаз атанды. Татьяна – халықаралық жарыстардың қатысу­шысы, конькимен жүгірумен, шаңғы спортымен және жеңіл атлетикамен айналысады.

Ерлер арасында Петропавл қа­лалық полиция басқармасының мамандары мәре сызығын бірінші бо­лып кесті. Ұлттық ұлан академия­сының және 6637 әскери бөлімінің ұжымдары жүлдегерлер қатарынан көрінді.

– Спортпен шұғылдану – тәртіп сақ­шыларының міндеті. Жарысқа об­лыстың күш құрылымдарының 16 де­не шынықтыру ұжымы қатысты. “Динамо” дене шынықтыру-спорт қо­ғамының спартакиадасы спорттың жеті түрін қамтиды. Волейболдан жа­рыс наурыз айының басында өтетін болады, – дейді облыстық полиция департаменті арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы бас­тығының орынбасары, полиция майо­ры Орал Хамзин.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp