«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көшеде тапаншамен жүрген

Диас Аяған

 esla9015@gmail.com

Петропавлдың көшесінде қару ұстап жүрген 23 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Облыстық полиция департа­менті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 17 ақпанда бол­ған. Петропавл қаласы полиция бас­қармасының 102 жедел арнасына Н.Назарбаев көшесіндегі “Северный” базарының жанында қолында қаруы бар күдікті ер адамның келе жатқа­ны туралы хабарлама түседі. Бұл дерек ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген. Полицейлер екі ер адамды ұстады. Олардың бірінен, яғни облыс орталығының 23 жастағы тұрғынынан пневматикалық та­паншаға ұқсас зат тәркіленді. Зат сараптамаға жіберілді, оның нәти­желері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp