Алғашқы түлектер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан универси­тетінде бейіндік магист­рант­тар­дың алғашқы қоштасу кеші өтті. Түлектердің барлы­ғы жұ­мыс істейтін мамандар, олар үшін магистратурада оқу – ман­сап жолының жаңа са­тысы.

Өткен жылы университеттің ма­мандандырылған магистратураны ашу туралы бастамасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан қолдау тапты. Инженерлік және агротех­но­логиялық бағыттарға гранттар бөлін­ді. Осылайша 16 адам жаңа үлгідегі дипломға ие болды. Ма­гистранттар агротехнология және инженерлік-сандық факультетте­рінің бағдарла­малары бойынша даярланды.

Шарада түлектер білім алуға, негізгі жұмыстарын оқумен ұштастыруға мүмкіндік бергені үшін оқу ордасының басшылығына алғыстарын білдірді.

Айнұр АЗБЕК,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың 4-курс студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp