Бүгінгі күні егінді құрғақшылық пен жаңбырдан сақтандыру бойынша келісімшарт жасауға өтінім қабылдау басталды. Өтінім Kezekte.kz сайтындағы Qalqan ақпараттық жүйесіне жіберіледі. Сақтандыру келісімшартының құны мемлекеттік субсидия есебінен 80 пайызға дейін азаяды. Сақтандыру операторы – аграрлық несие корпорациясы.
Биыл сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарының тізіміне бидай, арпа, сұлы, жүгері, күнбағыс, рапс, зығырдан бөлек, қарақұмық, тары, көктемгі қара бидай, бұршақ, жасымық, соя, көктемгі зімбір, қыша6 тағы басқалары кіреді.
Дәнді дақылдар бойынша топырақтың ылғал тапшылығынан сақтандыру шарттары 1 сәуірге, ал майлы дақылдарға 15 сәуірге дейін жасалады. Топырақтың ылғал тапшылығы индексі бойынша сақтандыру арқылы қорғау кезеңі 2 кезеңнен тұрады: біріншісі – 15 маусымнан 15 қыркүйекке, екіншісі – 15 мамырдан 14 қыркүйекке дейін.
Топырақтағы артық ылғалдан сақтандыру шарттары 21 тамызға дейін жалғасады. Қорғау кезеңі 15 тамыздан 14 қазанға дейін белгіленген.
Биыл индекстік сақтандыру өнімдерінің тарифі өзгерді. Егер фермер 1 мың гектарды сақтандырған болса, онда сақтандыру шартын жасасу кезінде шығындар нормасы бір гектарға 50 000 теңге болғанда сақтандыру сыйақысы 1 750 000 теңгені (1000 га х 50 000 теңге х 3,5 пайыз сақтандыру тарифі) құрайды. Осы соманың 1 400 000 теңгесін мемлекет субсидия түрінде төлейді (сақтандыру сыйақысының 80 пайызы).
Сақтандыру басталған кезде фермер 16 500 000 теңге (1000 га х 50000 тг х 33 пайыз) мөлшерінде сақтандыру төлемін алады, бұл 2 кезеңдік сақтандыру кезінде шарт бойынша сақтандыру құнының ең жоғары мөлшеріне сәйкес келеді.
Топырақтың ылғал тапшылығы мен ылғал артықшылығы индекстік сақтандыруды іске асырудың үш жылы ішінде егіншілер сақтандыру төлемдері ретінде 2 миллиард 552 миллион теңге алды, бұл сақтандыру сыйақыларының жалпы сомасынан 1,6 есе артық. Фермерлер төлеген сақтандыру сыйақыларының сомасы 1,5 миллиард теңгені құрады, оның 787 миллион теңгесі мемлекеттік субсидия ретінде төленді.
Бахтияр ТОҚЖІГІТОВ,
облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы агрономия бөлімінің жетекшісі.