«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сақтандырудың артықшылығы көп

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінгі күні егінді құрғақшылық пен жаңбырдан сақтандыру бойын­ша келісімшарт жасауға өтінім қа­былдау басталды. Өтінім Kezekte.kz сайтындағы Qalqan ақпараттық жүйесіне жіберіледі. Сақтандыру келісімшартының құны мемлекеттік субсидия есебінен 80 пайызға дейін азаяды. Сақтандыру операторы – аг­рарлық несие корпорациясы.

Биыл сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдары­ның тізіміне бидай, арпа, сұлы, жүгері, күнбағыс, рапс, зығырдан бө­лек, қа­рақұмық, тары, көктемгі қара бидай, бұршақ, жасымық, соя, көк­тем­гі зім­бір, қыша6 тағы басқалары кіреді.

Дәнді дақылдар бойынша топы­рақтың ылғал тапшылығынан сақ­тан­дыру шарттары 1 сәуірге, ал май­лы дақылдарға 15 сәуірге дейін жа­салады. Топырақтың ылғал тапшы­лығы индексі бойынша сақтандыру арқылы қорғау кезеңі 2 кезеңнен тұрады: біріншісі – 15 маусымнан 15 қыркүйекке, екіншісі – 15 мамырдан 14 қыркүйекке дейін.

Топырақтағы артық ылғалдан сақтандыру шарттары 21 тамызға дейін жалғасады. Қорғау кезеңі 15 та­мыздан 14 қазанға дейін бел­гі­ленген.

Биыл индекстік сақтандыру өнім­­дерінің тарифі өзгерді. Егер фер­мер 1 мың гектарды сақтан­дыр­ған бол­са, онда сақтандыру шартын жа­са­су кезінде шығындар нормасы бір гектарға 50 000 теңге болғанда сақ­тандыру сыйақысы 1 750 000 тең­гені (1000 га х 50 000 теңге х 3,5 па­йыз сақ­тандыру тарифі) құрайды. Осы со­маның 1 400 000 теңгесін мем­ле­кет субсидия түрінде төлейді (сақ­тан­дыру сыйақысының 80 пайызы).

Сақтандыру басталған кезде фермер 16 500 000 теңге (1000 га х 50000 тг х 33 пайыз) мөлшерінде сақ­тандыру төлемін алады, бұл 2 ке­зең­дік сақтандыру кезінде шарт бо­йынша сақтандыру құнының ең жо­ғары мөлшеріне сәйкес келеді.

Топырақтың ылғал тапшылығы мен ылғал артықшылығы индекстік сақтандыруды іске асырудың үш жы­лы ішінде егіншілер сақтандыру тө­лемдері ретінде 2 миллиард 552 миллион теңге алды, бұл сақтан­ды­ру сыйақыларының жалпы сомасы­нан 1,6 есе артық. Фермерлер тө­леген сақтандыру сыйақыларының сомасы 1,5 миллиард теңгені құра­ды, оның 787 миллион теңгесі мем­лекеттік субсидия ретінде төленді.

Бахтияр ТОҚЖІГІТОВ,

облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы агрономия бөлімінің жетекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp