«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Алуа” топ жарды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының “Алуа” халық би ансамблі Түркістан қаласында өткен “BALA STAR” республикалық конкурс-фестивалінде 1 орын иегері атанды.

Республикалық байқауға еліміз­дің түкпір-түкпірінен би ұжымдары қатысқан. Өңір намысын “Алуа” би ансамблі қорғады. Білікті хорео­графтардан құралған қазылар ал­қа­сы жерлестеріміздің өнерін жоға­ры бағалады.

– Аталған республикалық фестивальге өңірімізден біздің ұжым қатысты. 6 қыздан тұратын тобы­мыз жеңімпаз атанды. Тәлімгер­лерім қазақтың “Қосбасар” мен “То­миристің түсі” атты билерді тамаша орындап шықты, – дейді “Алуа” халық би ансамблінің көркемдік жетекшісі Шолпан Бүркітбайқызы.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp