«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бала психикасы өте нәзік

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“МЕКТЕПТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ҚАШАН ШЕШІЛЕДІ?”

(“Soltüstık Qazaqstan” gazetı, 18 aqpan 2023 jyl).

Облыс орталығында орна­ласқан №4 мектептегі жаға ұста­тарлық жағдайдың Үкіметтің отыры­сында арнайы талқылануы, орын ал­ған оқиғаның өте қауіпті жайт ретінде ба­ғалануы, соған орай нақты тапсыр­малардың берілуі бәрімізге жауапкершілік жүктеп, сыннан дұрыс қорытынды шығару талабын қойып отыр. Құзырлы орындар тарапынан қауіпсіздікке байла­ныс­ты мәселелер ішінен кә­ме­летке толмаған жасөспірімдер бо­йындағы психикалық, психология­лық теріс әрекеттер ықти­малдылығын барынша төмендету­дің пәрменді құ­ралдарын тиімді пайдалану жолда­ры атап көрсетілді.

Соңғы кездері ғаламторға, әлеу­меттік желілерге, компьютерлік ойын­дарға әуестенушіліктің ақыры тәуелділікке соқтырып, ми жү­йесіне кері әсер ететіні жайлы жиі ай­тылып жүр. Мұндай пікірлер негізсіз емес. Осығай орай, Ішкі істер, Оқу-ағарту, Төтенше жағдайлар мини­стрліктері бірлесіп, оқу орындарын­да қауіпсіздікті қамтамасыз ету жө­ніндегі жол картасын бекітуі, білім беру нысандарын терроризмге қар­сы іс-әрекеттен қорғау туралы нұсқаулық әзірлеуі, бұдан бөлек, қыл­мыстық, әкімшілік құқық бұзушылық тақырыптарының жеке қозғалуы құптар­лық.

Жасыратыны жоқ, үлкендер кәмелетке толмаған балалардың түн­де жалғыздан жалғыз көше кезбеуі қажеттігін біле тұра көбіне бақылау­сыз қалдырып жатады. Кезекті рейд барысында 100-ден астам ұл-қыздың түнде көше кезіп жүргені анық­талды. Тіпті кейбірінің әке-шешесі балаларының қайда жүргеннен бей­хабар болып шықты.

Жуырда №32 мектепте мұғалім­дер мен ата-аналардың қатысуы­мен жиын өтіп, алдымен түрлі заң бұзу­шылықтар баяндалды. Бейнемате­риалдар көрсетілді. Содан кейін та­қырып шәкірттер арасындағы дүр­дараздық, кемсітушілік, төбелес, на­шақорлық пен суицид, теріс дағды­лардың алдын алу мәселелеріне қа­рай ойысты. Рейдтік іс-шаралардың қо­рытындылары шығарылып, Әкімші­лік кодекстің негізгі баптары түсінді­рілді. Бір аңғарғанымыз, жиынға кел­гендердің біразының теріс қылықтар үшін қандай жауапкершілік қолда­нылатынын білмейтіні. Кейбіреу­лері оқушылардың оғаш әрекеттерін балалыққа, шалалыққа балап жат­ты. “Ауруын жасырған өледі” демек­ші, батпандап кіргізіп, мысқалдап шығара алмай, әуреге түсіп жата­тынымыз сондықтан.

Психологтардың, ата-аналардың, ұстаздардың, ювеналдық по­лицейлердің, денсаулық орталығы дәрігерлерінің, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия мүшелерінің көмегімен ба­лалардың қауіпсіздігіне, мінез-құлқына, психикалық ерекшелігіне орай мәселелердің жиі көтеріліп отырға­ны дұрыс. Өйткені, біреуі болмаса біреуі түсініксіз өзгерістерді байқап қалуы мүмкін. Мұның өзі қылмыстық әрекеттер мен теріс қылықтардан сақтандыруға үлкен сеп.

Кей кездері балалардың көз ал­дында отбасылық жанжал болып жатады. Бұл да жасөспірім­нің психикасына өте ауыр тиеді.

Лидия СҰЛТАНГЕЛДИЕВА,

Петропавл қалалық ювеналдық полиция бөлімінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp