Қалайы мен вольфрам өндіріледі
Облыста тау-кен өнеркәсібінің негізі қаланады. Айыртау ауданында қалайы және вольфрам өндіретін зауыттар бой көтермек. Жаңа жобаларды жүзеге асыруды көздеген инвесторлармен облыс әкімі Айдарбек Сапаров кездесті. Өңірге “Сырымбет” қалайы және “Ақсоран” вольфрам кен орындарын игерумен айналысатын инвестор компаниялардың басшылары келді. Өңір басшысымен кездескен олар инфрақұрылымдық нысандарды салу жобаларын бекітті. Бүгінгі таңда қалайы өндіру бойынша тау-кен металлургиялық …