«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Қалай ғана атты екен көзі қиып?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы кү­рес басқармасының қызметкерлері облыстық полиция ведомствосының басқа бөлімшелерімен бірлесіп, аса ірі мөлшерде заңсыз аң аулады де­ген күдікпен Петропавлдың үш тұрғынын ұстады. Басқарма мамандары­на Петропавл қаласы тұрғында­рының бірінде тіркелмеген қарудың болуы мүмкін екендігі туралы ақпа­рат түскен.

27 ақпан күні таңертең “Челябі-Новосібір” тасжолының 525 шақы­рымында полиция қызметкерлері 28 жастағы Петропавл тұрғынының бас­қаруындағы “ВАЗ-2115” автокөлігін тоқтатты. Салонда облыс орталығы­ның 29 және 30 жастағы екі тұрғыны болған. Автокөліктің жүксалғышын қарау кезінде сойылмаған 4 сібір елі­гі, сондай-ақ “ТОЗ” маркалы екі тір­келмеген тегіс ұңғылы мылтық, 2 пат­рон, гильза және басқа да аңшылық құрал-жабдықтары табылып, тәркі­ленді.

– Бұдан әрі іс-шараларды өткізу барысында Петропавлдағы саяжай қоғамдастығының біріндегі үйден екі еліктің мүшеленбеген еті, 41 еліктің терісі, 119 тұяқ, 12 аңның басы та­былды. Бұл факті Қылмыстық кодекстің 337-бабының 3-бөлігі “заң­сыз аңшылық” бойынша сотқа дейін­гі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізі­ліміне енгізілді. Тәркіленген қару мен аңдардың сирақ-басы, терісі мен еті сараптамаға жіберілді. Күдік­тілер Петропавл қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изо­ляторына қамалды, – дейді ұйым­дасқан қылмысқа қарсы күрес бас­қармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Ұсталғандар енді заңсыз аңшы­лық үшін 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуі, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе 1200 сағатқа қоғамдық жұмыстарға жегілуі мүмкін.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp