«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Айбынды жастар – ел қорғаны

Диас Аяған

 esla9015@gmail.com

Облыс орталығында “Айбын – 2023” әскери-патриоттық жиын­­дардың жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Бай­­қауға өңіріміздің мектеп оқушылары мен колледж сту­дент­те­рінен құралған командалар қатысты. Олар өздерінің әскери дайын­дық­тарын сынға салып, ептілік пен мықтылықтарын көрсет­ті. Жарыс қорытындысы бойынша 5 команда үздік деп танылды.

– Байқауды облыстық білім бас­қармасы мен қорғаныс істері жөніндегі де­пар­тамент бірлесіп ұйымдас­ты­рып отыр. Өскелең ұрпақ елін сү­йіп, оның қорғанына айналуы ке­рек. Оларды отансүй­гіштікке тәрбиелеуде осындай шара­лар өз септігін тигізеді. Жаңа Қа­зақ­станды құру жастардың қүш-қуаты, азаматтық ұстанымдарына байла­нысты, – дейді байқау ұйымдасты­рушысы де­парта­мент бастығының орын­басары Ержан Хамитов.

Дәстүрлі “Айбын – 2023” жиыны жеңімпаздары қатарында қаламыз­дағы гуманитарлық-техникалық кол­ледж студенттері де бар.

– Біз бұл жолы екінші орынға тұ­рақтап отырмыз. Мұндай жетістік­ке жету оңай болған жоқ. Үздіксіз дайындық пен тәртіптің арқасында қол жеткіздік. Сайысқа келесі жылы да қатысатын боламыз. Ал­дағы мақ­сатымыз – жеңіс тұғырынан көрініп, бірінші орынды иелену, – дейді кол­ледж студенттері.

Әскери-патриоттық жиын қоры­­тындысы бойынша бірінші орынды Ғабит Мүсірепов атында­ғы аудан­ның командасы иеленді. Сайыста үздік атанғандар алдағы уақытта Қа­рағанды қаласында өтетін респуб­ли­калық кезеңге жол­дама алды.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp