«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қалайы мен вольфрам өндіріледі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста тау-кен өнеркәсібінің негізі қаланады. Айыртау ауданында қалайы және вольфрам өндіретін зауыттар бой көтермек. Жаңа жобаларды жүзеге асыруды көздеген инвесторлармен облыс әкімі Айдарбек Сапаров кездесті.

Өңірге “Сырымбет” қалайы және “Ақсоран” вольфрам кен орындарын игерумен айналысатын инвестор компаниялардың басшылары келді. Өңір басшысымен кездескен олар инфрақұрылымдық нысандарды салу жобаларын бекітті. Бүгінгі таңда қалайы өндіру бойынша тау-кен металлургиялық кешенін салу жобасы әзірленуде. Оны “Қазақстан даму банкі” қаржыландырады деп жоспарлануда. Вахталық қалашық, зертханалар және инженерлік желілер құрылысына дайындық та басталып кетті. Ал “Есіл-Mining” серіктестігі вольфрам кенін өндіретін шахтаның құрылысы, жол мен инженерлік желілердің құжаттарын әзірлеп жатыр. Қазіргі уақытта жер телімдері алынып, жер қазу жұмыстары жүргізілді.

– Биыл электр және инфрақұрылымдық желілер тартыла бастайды. Металлургиялық комбинаттар іске қосылған соң өңірде 1500 жаңа жұмыс орны ашылады. Нәтижесінде Айыртау ауданындағы шамамен 10 мың тұрғынның жағдайы түзеледі, – деді Айдарбек Сапаров.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp