«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әкімшілік кедергі жойылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде жұмыс істейтін кәсіпкер­лердің бірі “Жаңа жол” бекеті арқы­лы көмір өткізбек болған. Алайда мемлекеттік кірістер департамен­тінің өкілдері кәсіпкерден қолданыс­тағы заңнама нормаларында белгі­ленбеген, яғни өнімнің технология­лық маркасын анықтайтын сапалық талдау туралы хаттама құжатын не­гізсіз талап еткен.

Мұндай сараптаманың құны ша­ма­мен 400 мың теңге тұрады. Се­ріктестік ұсынған тауардың шығу тегі мен сипаттамасын растайтын серти­фикат есепке алынбаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылы­ғы екі тарап қатысқан кездесу ұйымдастырып, талаптың дұрыс қойылмағаны, тауардың шығу тегі жайлы құжат болса, қосымша са­раптаманың қажетсіздігін түсіндірді. Осылайша шекара бекеттері арқы­лы жүк тасымалдауды жүзеге асыра­тын шағын және орта бизнес субъектілерінің тауарларын өткізудегі әкімшілік кедергі алынып тасталды.

Екатерина АУБАКИРОВА,

облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp