М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде “Заманауи педагогикалық білім: ғылым мен тәжірибе интеграциясы” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға Қазақстан, Ресей, Беларусь және АҚШ елдеріндегі жоғары оқу орындарының өкілдері қашықтан қатысты.
Конференция барысында тәжірибеге бағдарлану, өмір бойы білім алу, инклюзия сынды ұстаздық білім берудегі жаңа тенденциялар қарастырылды. Жергілікті университеттің академиялық мәселелер жөніндегі мүшесі Рената Апергенова бүгінгі таңда білім ордасының міндеті заманауи әлемдегі өзгерістерге жедел ден қою екенін атап өтті. Болашақ мұғалімдерді дайындаудың бірыңғай рецепті жоқ. Ол курстың өтуіне қарай өзгереді. Ал кадр даярлауда стандартты емес, қызықты шешімдерді табу маңызды.
“Биылдың өзінде білім беру жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Мәселен, қазір студент-мұғалімдердің тәжірибесін университет кафедралары емес, мектептердегі тәлімгерлер бағалайды. Осылайша Қазақстанның жоғары оқу орындары оқытушылық қызметке практиктерді көбірек тарту мүмкіндігіне ие болды”, – деді Рената Апергенова.
Шарада Аризона университеті жанындағы білім колледжінің деканы да сөз сөйледі. Ол М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетімен бірге “Білім берудегі психология” халықаралық бағдарламасына дайындалып жатқанын айтты. Конференция жұмысы түстен кейін музыка, спорт, бастауыш және мектепке дейінгі білім беру, педагогика, оның ішінде арнайы және әлеуметтік бағдарлаудың өзекті мәселелері бойынша бес секциялық отырысқа ұласты.
Айнұр АЗБЕК,
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың 4-курс студенті.