«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бразилияға да экспортталмақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“BioOperations” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндіретін таби­ғи ингредиенттің экспорттық географиясы тағы да кеңейді. Жергілікті жерде қалдықсыз шығарылатын би­дай глютені бұған дейін Түркия, Беларусь, Ресей Федерациясы, Ита­лия, Нидерландыға жөнелтіліп келген болатын. Енді бұл тізімді Бразилия толықтырып отыр.

“Ақпан айында тауардың шығу тегін сертификаттау ісімен айналы­сатын мамандарымыз Бразилияға 45 тонна бидай глютенін жіберуге экспорттық сертификатты “BioOpe­rations” ЖШС-не табыстады. Ком­пания Ұлыбританияға өсімдік шикі­затын терең өңдеу процесінде алынған биоотынды экспорттайтын. Бұл өнім Еуропада автомобиль оты­ны ретінде кеңінен қолданылады. Жүкті жөнелтуші – “GGANIC Agro Export” серіктестігі, – дейді облыс­тық кәсіпкерлер палатасының ди­ректоры Тимур Бекеев.

Астықты тереңдеп өңдеумен ай­налысатын жоғары технологиялық кәсіпорын Тайынша қаласында ор­наласқан. Ол биоэтанол, бидай глю­тені – глютен, крахмал, ұн және мал азығын өндіреді. Бұл кәсіпорын “KazFoodProducts” компаниялар то­бының әлеуетті зауыты саналады.

Сапалы өнімдер Қазақстанмен қатар алыс-жақын шетелдерге де са­тылады. Тұтынушы елдердің қата­рында Өзбекстан бар, оған – кебек, Ауғанстанға – ұн, Англияға – биоэта­нол, Үндістанға, АҚШ-қа, Колум­бия­ға, Түркияға, Ресей Федерация­сы­на, Италияға, Нидерландыға бидай глютені мен крахмал жөнелтіледі.

Енді Бразилияға да экспорт жолға қойылып отыр. Алғашқы жүк­тің көлемі – 45 тонна. Кәсіпорында күніне шамамен 40 тонна бидай глютені өндіріледі. Мұнда астықты тереңдеп өңдеуге, нан пісіру ин­дустриясында ұнның сапасын арт­тыруға баса мән беріледі, сонымен қатар ауыл шаруашылығы жануар­ларына арналған жемшөпті ақуызбен байыту кеңінен қолданылады.

Биылдан бастап кәсіпкерлер палатасы тарапынан барлығы 556 экспорттық сертификат берілді, бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 30 пайызға артық.

Сағынгүл ІРГЕБАЕВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp