«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жер телімдері қайтарылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық прокуратура “Пай бойынша өз құқығыңды қорға” атты жобаны қолға алғалы 41 мың адамның ақысын жеген 70 шаруашылықты анықтады. Елді мекендерде жер үлесі бар тұрғындардың мәселесін құқықтық тұрғыдан реттеп, шешуді көздейтін жоба аясында азаматтардың жалпы санына, жердің нақты аумағына талдау жасалып, жиі кездесетін заң бұзушылықтар атап көрсетілді. Олар – жердің заңсыз кепілге қойылуы, шартты жер үлестерін заңсыз иелену, шаруашылық құрамынан шығуға кедергі келтіру, пайға тиісті дивиденттерді төлемеу.

Тексеріс барысында үлескерлердің шартты жер учаскелерін олардың келісімінсіз кепілге қойып, несие алудың тәсілдері әшкереленді. Облыс прокуроры Бағбан Тайымбетов Айыртау, Шал ақын, Тайынша, Есіл, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарға барып, жұртшылықты әрі-сәрі күйге түсіріп отырған толғақты проблемалар бойынша кездесулер өткізді. Пайшылардың құқықтарын қорғау мақсатында 28 талап-арыз енгізілді. Бұл жұмыс жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Бұған дейін прокурорлардың араласуымен екі жылдың ішіде 124 мың гектар 232 жер учаскесі қайтарылған болатын. Жалпы аумағы 257 мың гектар болатын 11 мыңнан астам жер иесінің құқығы қорғалды.

Аида БАБАСОВА,

облыс прокурорының аға көмекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp