«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алаштың арда туған бір ақыны

Бектұрған Лақадыл

 turgan_bek84@mail.ru

Қазақтың арқалы ақыны, осы күнге дейін оқырман қауымға 40-қа жуық жыр жинағын ұсынған, “Ақ сиса”, “Киiк қашқан”, “Бiрегейдiң қызылы”, “Қара орамал” атты ойлы да отты поэмалардың авторы, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың, “Алаш” әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Жайлыбай “Soltüstık Qazaqstan” газетінің радакциясында қонақ болып, поэзия төңірегінде әдемі әңгіме өрбітті.

“Қызылжар-Ақпарат” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, жазушы Жарасбай Сүлейменов мейманды ұжымға таныстырғаннан кейін газет тілшілері көкейінде жүрген сауалдарына жауап алды.

Ғалым Жайлыбай 1958 жылы Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туған. “Қазақ әдебиеті” газеті бас редакторының орынбасары, “Қазақ радиосының” бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары, “Жұлдыз” журналының бас редакторы секілді қызметтер атқарған.

“Ақын ұлтының ғана емес, адамзаттың ұлылығы мен сұлулығының қызғыш құсына айналуы керек” деді ол сөз арасында. Ғалым Жайлыбайдың “Түрiкменнiң төрiнде” атты жырларын тебiренбей, емiренбей оқу мүмкін емес. Түбi бiр түрiкменнiң Гүлрайхан атты ару қызын көрген ақын парсының Шаганэсiн көрген Сергей Есенинше толғанады.

Әсерлі кездесу барысында ақын өзінің өмір жолы, шығармашылығы туралы сөз сабақтап:

“Ташауызда талшыбықтай Гүлрайхан,

Жан сырымды сiзге деген кiмге айтам?

Тереңiнде тербететiн тектi қыз,

Жанарыма жарық сыйлай кеттiңiз…”, деп өрілетін туындысының тарихын баян етті. Ақынмен болған әңгіменің толық нұсқасын газетіміздің алдағы нөмірлерінің бірінен оқи аласыздар.

Бектұрған ЛАҚАДЫЛ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp