«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Климаттық ерекшелік ескерілмеген

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көктемгі дала жұмыстарына байланысты арзандатылған дизель отыны бөлінген кезде климаттық жағдайлардың есепке алынбағаны жайлы дабыл қаққан облыс диқандары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жүгініп, мәселе оң шешілді.

Зерттеу барысында Энергетика министрлігі өңір фермерлерінің маусымдық дала жұмыстарына арналған жанар-жағармайдың көп бөлігін техникалық сипаттамалары теріскейдің ауа райына сәйкес келмейтін Атырау мұнай өңдеу зауытынан (АМӨЗ) бөлгені анықталды.

Мұнай өнімінің климаттық ерекшеліктермен үйлеспеуі салдарынан қатып қалуына, егіс жұмыстарының кестеден қалуына, шетелдік ауыл шаруашылығы техникаларының істен шығуына әкеп соқтыратын фактілер аз емес. 3,5 мыңға жуық шаруашылық иелері жыл сайын осындай проблемаларға тап болады.

Осыған орай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен ведомствоаралық жұмыс кеңесін ұйымдастырып, мәселені Экономика министрлігінің құзырына жеткізді. Нәтижесінде климаты ұқсас Павлодар өңіріндегі мұнай-химия зауытынан 53 мың тонна дизель отынын бөлу туралы шешім қабылданды.

Ал Атырау мұнай өңдеу зауытынан 20,6 мың тонна дизель отынын мамыр айында жеткізу жоспарланып отыр.

Екатерина АУБАКИРОВА,

облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp