«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қызыл судан қауіп көп

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста “Көктем – 2023” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті. Шара аясында Петропавл қаласы мен облыс аудандарында су тасқыны кезеңінде тұрғындарды тө­тенше жағдайлар салдарынан қорғау жұмыстары пысықталды.

Облыстық төтенше жағдайлар жө­ніндегі департаменттің бастығы Рамиль Камалов мамандардың табиғаттың “тосын сыйына” дайындықтарын тексеріп, су басу қаупін азайтуға жұмылдырылатын техниканың жай-күйімен танысты. Оқу-жаттығу­лар барысында арықтар мен су өт­кіз­гіш құбырлар тазартылып, инертті материал толтырылған қаптар жинақталды.

– Апат айтып келмейді. Су тасқы­нының алдын алу үшін құтқарушы­лармен қатар облыстағы комму­налдық кәсіпорындардың маманда­ры мен техникасы да сақадай сай болуы шарт. Төтенше жағдай­дың алдын алудың бірден-бір жолы – қала мен ауыл көшелерін қар­дан уақтылы тазарту. Сонда ғана қауіптің беті сейіледі, – деген Рамиль Ка­малов көктемгі су тасқынына төтеп беруге барша өңір тұрғындары дайын болуы қажет екенін жеткізді.

Бүгінге дейін аудандарда арықтар мен суағарлар ақ ұлпадан тазартылып, Петропавлдың “Жас өркен”, “Береке” сынды бірқатар шағынаудандарындағы қар қаланың сыртына шығарылған. Ал су басу қаупі жоғары елді мекендерде жедел әрекет ететін штабтар құрылды. Олар аудан орталықтарында шоғырланатын болды. Бүгіндері су тасқынына төтеп беру мүмкіндігі аз ауылдар анықтал­ды. Олардың басым бөлігі Қызылжар, Есіл және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда орналасқан. Оқу-жаттығулар барысында облыстың бас құтқарушысы эвакуациялық бекеттердің жабдықталуын тексеріп, тұрғындарды қауіпті аумақтардан алып шығу жұмыстарымен танысты.

Эвакуциялық бекеттің бірі За­речный кентіндегі орта білім ордасында орналасқан. Мектепте су тасқыны кезінде қалалықтарды тамақтандыру орны, жедел медициналық көмек көрсету кабинеттері және жа­тын бөлмелер қарастырылған. Оқу-жаттығулар барысында жеке тұрғын үйлердегі қора-қопсылардан жану­арларды эвакуациялау, оларды ал­дын ала белгіленген орындарға ор­наластыру тәсілдері пысықталды. Барлық тапсырмалар белгіленген уақытта орындалды, бұл ретте арнайы техника мен жолаушылар кө­лігі белсенді пайдаланылды.

Шара барысында арнайы штаб мүшелері белсенді жұмыс істеді. Құтқарушылар су тасқыны кезінде кез келген жағдайға дайын екен­дерін көрсетті.

Серік НАУРЫЗБАЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бөлім бастығы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp