«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қызыққа толы бір күн

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

8 наурыз – Халықаралық әйел­дер мерекесі қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қа­зақстан облысы бойынша департа­ментінің қызметкерлері Мағжан Жұ­мабаев ауданындағы өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қол­дау орталығының тәрбиеленушіле­рімен бірге Петропавл қаласының көрікті орындарын аралады.

Олар ең алдымен қаладағы сау­да орталықтарына барып, балалар­ға сәнді киім сатып әперді. Содан кейін қыздарға кәсіби шаш үлгісі жа­салды. Орталық тәрбиеленушілері сән мектебінің өкілдерімен кездесіп, фотопозинг бойынша шебер­лік сағатына қатысты. Суретке түсі­рудің қыр-сырына қаныққан оларды Петропавлдың ең үздік фотограф­тарының бірі фотосессияға шақыр­ды. Бұл шарадан ұл балалар да қалыс қалмады. Күндерін қызықты өт­кізген балалар тәтті тоқаштар толы дастарқан басына жиналып, қыздарға бағалы сыйлықтар мен гүлдер табысталды.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp