«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨЗ ТАРТҚАН КӨРКЕМ БОЯУЛАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық бейнелеу өнері музейінде “Әртүрлі акварель” атты көрме ұйымдастырылды. Онда акварельді пайдалана отырып сурет салумен кәсіби түрде айналысатын өнерпаз­дардың туын­дылары қойылған.

Келушілерге аталмыш өнер­дің дәстүрлі және инновациялық тен­ден­цияларын, суретшілердің әр-түрлі стильдік бағыттарын, әдістері мен авторлық тәсілдерін көрсететін 59 жұмыс ұсынылған. Көрмені ұйым­дастырушылар өңір тұрғындарын заманауи шы­ғармалармен танысты­руды, музейдегі акварель­дер топта­ма­сын толықтыруды көздеді.

– Акварель – кескіндеме мен графиканың ерекшеліктерін бі­рік­тіретін бейнелеу өнерінің бір түрі. Ол суретшілерге ауа мен ылғалды­лықтың әсерін, аралас техникада мәнерлі жеткізуге мүм­кіндік береді. Қазіргі уақытта акварель жұмыста­рына қызығушылық артып келеді, – дейді жобаның жетекшісі Людмила Гатыч.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp