«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қарсыластарын тізе бүктірді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Талдықорғанда грек-рим күресінен жастар арасында ел біріншілігі өтті. Республикалық жарыста өңір намысын қорғаған жерлестеріміз Қазақстан чемпионы атанды.

50 килограмм салмақ дәреже­сін­де Хамит Нәбиев өнер көрсетті. Жарыста ол төрт кездесу өткізіп, бә­рінде жеңіске жетті. Ақтық сында ол Алматы облысының балуанымен бел­десті. Бұл бәсекеде Хамит 8:0 есебімен ұтты.

82 килограмм санатындағылар ара­сында жеңіс Ислам Евлоевқа бұйырды. Солтүстікқазақстандық спорт­шы бес мәрте боз кілемге шы­ғып, барлық қарсыласын тізе бүктіріп, алтын медальді еншіледі.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp