«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жазасы қатайтылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі­нің орынбасары алдап алған 200 мың теңге үшін 3 жылға бас бостан­дығынан айырылды.

Облыстық соттың апелляциялық алқасы прокурордың апелляциялық өтініші бойынша К.-ға қатысты алаяқтық жасауға оқталу қылмыстық ісін қарады.

Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқара отырып, М. деген азаматтан 200 мың теңгені алаяқтық жолмен алған. Оған бюджет қаражатын мерзімінен бұрын аударуға жәрдемдесемін деген. Сотталушы қылмыс үстінде ұсталды.

Петропавл қалалық соты оған ұрланған мүліктің 15 еселенген мөлшерінде, яғни 3 млн. теңге айыппұл салу жөнінде үкім шығарды. Алайда қадағалаушы орган К.-ға тағайындалған жазамен келіспей, апелляциялық өтініш түсірді. Қылмыстың бұл түріне айыппұл немесе бас бос­тандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Сот К.-ның қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін жағдай ретінде оның шын жүректен өкінуін, кішкентай балаларының, оның ішінде ауыр дертке шалдыққан баласының болуын есепке алды.

Алайда апелляциялық алқа К.-ға тағайындалған айыппұл түріндегі жаза сотталған адамның жеке басына және ол жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына сәйкес келмейді деп тапты.

Осылайша сот алқасының қаулысымен К.-ға қатысты үкім өзгертіліп, оны 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Апелляциялық қаулы заңды күшіне енді.

Динара ТӨЛЕҢГІТОВА,

облыстық соттың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp