«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУДИТТІК ТЕКСЕРІСТІҢ ТИІМДІЛІГІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тексеру комиссиясының негізгі қызметі облыс аумағында қар­жылық тәртіпті нығайту және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активте­рін басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағдарланған. Осыған орай жүктелген міндеттер мен өкілеттіктер мемле­кеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес жүзеге асыры­ла­ды.

2022 жылы 43 аудит объектісін­де 16 аудиторлық іс-шараның (тиім­ділік аудиті–13) қорытындысы шы­ғарылды. Мемлекеттік аудит бойын­ша 70263,5 млн.теңге бюджет қара­жаты мен мемлекет активтері қамтылды, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты – 14211,4 млн. теңге (20 пайыз), жергілікті бюджет – 56052,1 млн. теңге (80 пайыз). Жал­пы сомасы 1940,3 млн. теңге бұзу­шы­лық тіркелді, атап айтқанда, қаржылық – 1690,1 млн. теңге (87 па­йыз), тиімсіз пайдаланылған бюд­жет қаражаты мен мемлекет актив­тері – 250,2 млн.теңге (13 пайыз). Бұдан бөлек, аудит объектілерінің қызметінде бюджет қаражатын, мем­лекет активтерін негізсіз пайдала­нудың 343 рәсімдік сипаттағы бұзу­шылықтар және 49 жүйелік кемші­ліктер анықталды.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары барысын­да мына салаларда бұзушылықтар жиі кездесті. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша – 1011,1 млн. теңге (бұзушылықтар­дың жалпы санының 52 пайызы), ауылдық округтерде – 439,0 млн. теңге (24 пайыз), денсаулық сақтау саласында – 148,8 млн. теңге (8 па­йыз), басқа салаларда – 341,4 млн. теңге (16 пайыз). Талдау көрсеткен­дей, бухгалтерлік есепті жүргізу ке­зінде түрлі бұрмалаушыларға көп жол беріледі, бұл көрсеткіш жалпы бұзушылықтың 57 пайызын (1098,4 млн. теңге) құрайды. Бұрмаланған қаржылық есептілікті жасау факті­лері бойынша 2,7 млн.теңге айып­пұл салынып, 35 әкімшілік материал рәсімделді. Бұзушылықтардың жалпы санының 20 пайызы ( 390,8 млн. теңге) бюджет қаражатын пайда­ла­ну кезінде жіберілген. Бұл ретте су қысымы құрылыстарының алаңдарын жаңғырту жөніндегі орындалмаған жұмыстар үшін 329,1 млн. тең­ге көлемінде ақы төлеу фактісі анықталды.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: “Бюджеттік жоспар­лау және мемлекеттік қаражатты жұмсау кезінде қабылданатын бар­лық шешімдер барынша тиімді бо­луға тиіс. Ел қай жобалардан көп пай­да көретінін және қайсысын жақ­сы уақытқа дейін күте алатынын тү­сіну маңызды. Әлеуметтік-экономикалық әсерді талдау нәтижелерін толық пайдалану керек”, – деп атап көрсеткен болатын. Осы талапқа орай аудит жүргізу кезінде объекті­лер қызметінің, бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдаланудың сапа­сын бағалауға баса назар аудары­лып, “Бизнестің жол картасы” шең­берінде берілген гранттар есебінен жаңа бизнес идеяларды (мысалы “Ыдыс жууға арналған құралдар мен сұйық сабын өндіру”, “Бұран­даларды өндіру цехы” “Жыл бойы – жасыл пияз”, “Тас-полимерлі компо­зиттен жиһаз жасау”, тағы басқа) іске асыруға бөлінген 26,5 млн. тең­ге сомасындағы бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану анықталды. Про­ц­едуралық бұзушылықтардың жал­пы санының 50 пайыздан астамы мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің бұзылуына, оның ішінде мердігер­лер мен жеткізушілер тарапынан жауапкершіліктің босаңсуына соқ­тырған. Нәтижесінде мемлекеттік са­тып алу рәсімдерін бұзу фактілері бо­йынша жалпы 4,4 млн.теңге айып­пұл сомасына 62 әкімшілік іс рәсімделді.

Орын алған кемшіліктер қаржы­лық тәртіптің төмен деңгейін, нор­мативтік-құқықтық актілерді жеткі­ліксіз білуін және дұрыс түсінбеуін, мемлекеттік аудит объектілеріне жүктел­ген міндеттердің тиісінше орындалмауын, бюджет қаражаты­ның жұмсалуына аудит объектіле­рінің лауазымды тұлғалары тарапы­нан тиісті бақылаудың болмауын, мемлекеттік органдар ұсынатын мә­ліметтерді жұмыста дұрыс қолдан­бауын көрсетті. Жалпы тексеру ко­миссиясының жұмысы бұзушылық­тарды анықтауға емес, жүйелік проблемаларды табуға және олар­ды шешу жолдарын іздеуге, қаржылық тәртіпті жақсартуға, заңнаманы жетілдіруге жәрдемдесуге бағыт­тал­ды. Бұзушылықтар мен кемші­ліктерді жою мақсатында мүдделі мемлекеттік органдарға, аудит объектілеріне 82 ұсыным мен тапсырма берілді. Орталық мем­лекеттік органдарға 5 ұсыныс жол­данды. Тексеру комиссиясының ұй­ғарымдарында аудит объектілеріне 1690,1 млн. теңге көлеміндегі бұзу­шылықты қалпына келтіру (бюджет­ке өтеу) жөнінде шаралар қабылдау тапсырылып, 1661,8 млн. теңге өтел­ді. 346,5 млн. теңге жергілікті қа­зынаға қайтарылды. Лауазымды тұлғалардың нормативтік-құқықтық актілерді сақтамауына қатысты мәс­лихаттарға бес ұсыныс енгізіліп, тұ­рақты комиссиялардың отырыста­рында қаралды. Бюджет қаражатын негізсіз ұлғайту фактілері бойынша жалпы сомасы 60 млн. теңгеден ас­там сый­лықақы төленгені анықта­лып, ау­дан­дық экономика және қар­жы бөлі­мінің үш лауазымды тұлғасы қыл­мыстық жауапкершілікке тартыл­ды. 381 адам (3 қылмыстық, 316 әкім­­шілік, 62 тәртіптік) жауапқа тар­тыл­ды. 35,5 млн. теңгеден астам әкімші­лік айыппұл салынды.

Тексеру комиссиясы қызметі ба­ғыттарының бірі мемлекеттік аудит барысында анықталған жүйелі қар­жылық бұзушылықтардың, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау мен пайдаланудың алдын алу және ес­керту болып табылады. Осы мақсатта аудандарда жиі кездесетін бұзу­шылықтар бойынша және тексеру комиссиясының қызметін жариялай отырып, көшпелі семинар-кеңестер (“дөңгелек үстелдер”) өткізілді. Биыл 10 ауданда көшпелі семинар-кеңестер ұйымдастыру белгіленген. 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәй­кес 70 аудит объектісінде 14 ауди­торлық іс-шара жүргізу жоспарланған. Осылайша 190 млрд. тең­геден астам бюджет қаражаты мен мемлекет активтері қамтылмақ.

Облыстық тексеру комиссиясы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp