«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Болашақ тергеушіге апарар жол”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің болашақ заңгерлері облыстық полиция де­партаментінде болды. Тәртіп сақшылары оларға қылмыс орнында заттай дәлелдемелер жинау жұмыстары қалай жүргізілетінін көрсетіп, тергеу процесінің ерекшеліктерімен таныстырды.

Экскурсия алаңы – жедел-криминалистикалық басқармасының полигоны. Мұнда нақты заттар мұ­ражайы, сонымен қатар практикалық сабақтарға арналған экспонаттар бар. Тәжірибелі криминалистердің бірі Александр Хлевов оқу ор­дасының үшінші курс студенттерін қару-жарақтың бай қорымен, соның ішінде қылмыс орындарынан алын­ған заттармен таныстырды, крими­налистердің қандай қылмыстарды зерттеп жатқанын айтты. Жеке бөлмеде ормандағы және кеңседегі қылмыс орындары имитацияланған. Студенттер криминалистердің прак­тикалық дағдыларды қандай макеттерде қолданатынын өз көздерімен көрді.

Сонымен қатар болашақ заң­герлер тергеуші Камила Дәулетбае­ваның кабинетінде болды. Ол тал­дамалық жұмыстармен айналысады, сонымен қатар тергеу-жедел то­бының құрамында тәуліктік кезекшілікке үнемі қатысады. Полиция аға лейтенанты қылмыстық істі электронды форматта жүргізу ерекшеліктерін көрсетті.

“Болашақ тергеушіге апарар жол” челленджі шеңберінде сту­дент­тердің дайындық деңгейін арттыруға бағытталған кездесулер, дәрістер, экскурсиялар және басқа да іс-шаралар өткізілуде.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp