АЛҚАМНЫҢ АЖАРЫ АЙШЫҚТЫ ЕДІ
Кітап, газет-журнал “кеміру” маған бала кезден жабысқан әдет. Зейнет демалысына шыққан соң құмарлығым тіпті үдей түскендей. Облысымыздағы жалғыз қазақ тілді басылым – “Soltüstık Qazaqstan” газетінің әр санын жібермей оқимын. Пошта қызметі баяу болған соң редакцияға өз аяғыммен барып алғанды жөн көремін. Бір жолы газеттің бес данасын бірақ алып қайттым. Әдетте үйге бара жатқан жолдағы – …