Өңір аумағында 9-12 наурыз күндері “Жасөспірім” облыстық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Петропавл қаласында акцияның бірінші күнінің қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болу фактілері бойынша төрт хаттама толтырылды. Кәмелетке толмағанның құқықтары мен мүдделерін қорғау, тәрбиелеу және білім беру бойынша міндеттерді орындамаудың үш фактісі анықталып, бес қолайсыз отбасы тексерілді.
Жыл басынан бері облыс бойынша полицейлер мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп 86 рейд және 10 тексеру жүргізді. Нәтижесінде кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс және ойын-сауық орындарында болғаны үшін 403 заңды өкіл, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді атқармайтын 182 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.