16 наурыз күні Мағжан Жұмабаев ауданындағы “Челябі – Новосібір” автожолының 609-шы шақырымында “Volkswagen Caravelle”, “Lada Granta” жеңіл көліктері мен жол үстін қардан тазартып жүрген “Урал” арнайы техникасы соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан “Урал”, “Volkswagen Caravelle” автомобильдерінің жүргізушілері және “Volkswagen Caravelle”, “Lada Granta” көліктерінің жолаушылары, барлығы бес адам зардап шекті. Олардың барлығына медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта полицейлер қажетті сараптамаларды тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін материал жинап жатыр.
Әсет ҚАНАФИН.