«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ана тілің – арың бұл

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Қазақ тілі” қоғамының Қызылжар аудандық филиалы жанынан “Қазақша сөйлесейік!” клубы ашылды. Бұл игі іске аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі үлкен қолдау көрсетті. Клуб ұйымдастырған алғашқы шара қазақтың шашу дәстүрімен басталды.

– Өңірімізде қазақ тілін үйренуге ниет білдірген адамдардың саны ар­тып келеді. Бұл – уақыт талабын, мемлекеттік тілдің қажеттілігін түсін­ген­дік. Тыңдаушылардың тілді тез меңгеруі үшін мұндай клубтар аса қажет. Алдағы уақытта келушілер қа­тарының көбейе түсетініне сенімді­міз. Мемлекеттік тіл – Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерін ұйыстырушы фактор. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деді ашылу сал­танатына қатысқан халықаралық “Қа­зақ тілі” қоғамы облыстық филиалының төрағасы Жанат Мұхамеджанов.

Тілдерді оқыту орталығының өкілі Орал Жанатов “Қазақша сөйле­сейік” клубы үлкендер мен жастар үшін аса қажет екенін айта келіп, тіл үйренуге арналған бірнеше әдісте­мелік кітапты табыс етті.

Бұдан кейін тіл үйрету сала­сында мол тәжірибесі бар мамандар “Қазақша сөйлесейік!” клубының қатысушыларына шеберлік сабағын өт­кізіп, оның соңы қызықты ойындарға, қазақша шырқалған әндерге жалғасты.

– Біз тек тіл үйретумен ғана шектелмейміз. Алдағы уақытта түрлі та­қырыптар бойынша “дөңгелек үстел” отырыстарын ұйымдастыруды жос­парлап отырмыз. Ұлттық салт-дәс­түрлер, әдет-ғұрыптар, мәдени құн­дылықтар, тәлім-тәрбие мәселе­лері де кеңінен қамтылатын болады, – деді жиналғандарға арнаған сөзін­де “Қазақша сөйлесейік!” клубының жетекшісі Зағифа Ахметова.

Нұржанар ПАРТИЗАН,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp