«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛТ ЕРЛІГІНІҢ СИМВОЛЫ

Диас Аяған

 esla9015@gmail.com

Атақты жырау, даңқты қолбасшы Қожаберген Толыбай­ұлының 360 жылдық мерейтойына орай С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Қожаберген жырау – аты әйгілі ірі тұлға” атты ғылыми тәжірибелік конферен­ция өтті. Шараға университет ғалымдары, өлкетанушы­лар, оқушылар мен студенттер қатысты.

Мұнда жиналғандар дауылпаз жы­рау, қаһарман қолбасшы, көр­нек­ті қай­раткер, шешен Қожабергеннің өмірі мен шығармашылығы тақыры­бында сөз қозғап, ақын мұраларын насихат­тау, оның ерен тұлғасын ұрпаққа үлгі ету мәселелерін көтерді. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан уни­вер­си­тетінің профессоры Зылиқа Бимақанова “Қожаберген батыр, “Елім-ай” тарихи дастаны” тақыры­бында баянда­ма жасады.

– Қожаберген Толыбайұлы тари­хымызда сегіз қырлы, бір сырлы тұлға ретінде сипатталады. Қа­зақ­тың елдігі жолында ерен еңбек сіңір­ген ардақты тұлғалардың өмірлері еліміз тұғырлы тәуелсіздікке қол жеткізген жылдардан бастап ерекше зерделене бастады. Академик Ма­наш Қозыбаевтың: “Қо­жа­берген көп қазақ батырларының бірі емес, бірегейі” деп баға беруі бекер емес. Ең алғаш жырау тұлғасы жайлы үлкен шара 2000 жылы Манаш Қо­зыбаевтың ұйымдастыруымен Қы­зыл­жарда өтті. Салық Зиманов, Бе­кет Тұр­ғараев сынды заңгерлер де бұл іске зор үлес қосты. Биылғы мерейтой аясында осының бәрі қайта жаңғырып, зерт­теулер жалға­сын табуы керек, – деді ғалым.

Университет профессоры Жанар Таласпаева “Қожаберген шығар­ма­ла­­­рының көркемдік ерекшелігі”, об­лыс орталығындағы ардақты тұлға­ның есі­мімен аталатын №6 мектеп­тің мұғалімі Роза Елеусізова “Қожа­бер­ген жырау поэ­зиясындағы ұлттық құн­дылықтар”, Мағжан Жұмабаев атын­дағы ІТ мек­тептің мұғалімі Бақыт­жа­мал Қанафи­на “Қожаберген жырау мұ­расы өске­лең ұрпаққа үлгі” тақы­ры­бында баян­дамалар жасады. “Асыл мұ­ра” орталы­ғының жетекшісі Ахмет­жан Қуан­таев, жазушы, жур­налист Жақсы­бай Самрат, еңбек ар­да­гері Жапар Бәри­ұлы жиналған жас­тарға тарихы­мыз­ды танып, тұлғала­рымызды ұлық­таудың маңызы ту­ралы айтты.

Ақын Аманжол Зағыпар мерейтой ие­сіне арнаған өлеңін оқыса, дарынды оқу­шылар Ілияс Шаяхметов, Саида Изатова, Анел Бейбіт жырау жырла­рын нақышына келтіре орындады.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp