«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.03.2023

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖАҢА ЖЫЛЫ

Қазақтың дара да дана ақыны Мағжан Жұмабаев өзінің “Наурыз” атты мақаласында: “…Қазақ жаңа жылын “Наурыз” дейді. “Наурыз әулиенің, әмбиенің аты болмаса керек. “Наурыз” күн райын, шаруа ыңғайын дұрыстап зерттеген бір шоңғал, “оқымаған аграном” болуға керек. Сондықтан қазақтың наурызы – дін мейрамы емес, тұрмыс мейрамы, шаруашылық мейрамы… Бұл мейрамда тұрмыспен, ғылыммен байланыстырып, қоғамға пайдалы игі іс …

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖАҢА ЖЫЛЫ Read More »

Ауқымы кең, мағынасы терең

Наурыз – әлемдегі ең көне мей­рамдардың бірі. Ұлыстың ұлы күнін атап өтетін халықтың да қарасы қа­лың. “Жер мен көктің жаңаруын”, “тір­­­шіліктің бастауын”, “күн мен түн­нің теңелген уақытын” Орта Азия ха­лық­тары түгел тойлайды. Бұл мей­рамды әр халық түрліше атағаны­мен, бар­лығының тілегі бір – ізгілік, молшы­лық, бейбітшілік, рухани тазалық. Қытайда күн мен түннің теңелуі 21 наурызға тура …

Ауқымы кең, мағынасы терең Read More »

АС АТАСЫ – НАН

Өңіріміздегі іргелі кәсіпорындардың бірі – Петропавл нан-тоқаш комбинаты. Тоқсан жыл бойы облыс тұрғын­дарын ас атасы – нанмен қамтамасыз етіп келе жатқан кәсіпорынның әлеуметтік маңызы айрықша. 1933 жылы қабырғасы қаланғаннан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді. Жекеменшікке өткеніне де ширек ғасыр. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қатарына кіретін нан өнімдерін дайындау оңай жұмыс емес. Шикізат пен электр қуаты …

АС АТАСЫ – НАН Read More »

“Қырдағы ел ойдағы елмен араласып…”

Дүниежүзінде әр халықтың өзіне тән көптеген мерекесі бар. Қандай да болсын ұлттың болмысы сол елдің мейрамы тойланған кезде таныла­ды. Ал сол ұлттардың басым көпшілі­гіне ортақ мейрам болса, ол – Наурыз мерекесі. Оны шығыс халықтарының ерекше қарсы алатыны бұрыннан бел­гілі. Наурыз жарты әлемді алып жатқан батыс мәдениетіне де бөтен емес. Ежелді гректер, римдіктер мен славян халықтарының …

“Қырдағы ел ойдағы елмен араласып…” Read More »

Төрт түліктің төресі

Есіл ауданындағы Бірлік ауылының тұрғыны Қуатбек Ақышев бірнеше жылдан бері жылқы бағып, бие сауып, еңбегінің нәтижесін көріп отыр. Бір-екі биеден бастаған шаруашылығы бүгінде шағын фермаға айналған. Жеті қазынаның бірі, ер қанаты, мінсең – көлік, жесең – ет, сүтін ішсең – шипалы сусын – жылқы өсіруді кәсіп еткен еңбекқор азаматты әңгімеге тартқан едік. – Қуатбек Әшкенұлы, …

Төрт түліктің төресі Read More »

Қызылжардағы шеберлер көрмесі

“Dostyq Mall” ойын-сауық орталығында “QYZYLJAR шеберлер мекені” атты қолөнершілер фестивалі басталды. Шара 22-ші наурызға дейін жалғаспақ. Сондай-ақ шеберлердің жұмыстары­мен қаланың бас алаңында да танысуға болады. Фестиваль ұйымдастырушыла­ры – облыстық мәдениет, тілдерді да­мыту және архив ісі басқармасы, өңі­ріміздегі музей бірлестігінің маман­дары дәстүрлі қолөнерді сақтауды, халықтық сәндік-қолданбалы өнерді насихаттауды және дамытуды көз­деп отыр. Фестивальға еліміздің жеті өңірінен …

Қызылжардағы шеберлер көрмесі Read More »

Көктем бояулары

Қала тұрғындары “Күлімдеп көктем туған­да” атты сурет көрмесін қызыға тамашалады. Онда Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі дарынды ба­лаларға мамандандырылған мек­теп-интернат кешені оқушыларының натюрморт, сюжеттік композиция, пейзаж, декоративті композиция жанрлары бойынша жиырмаға тарта туындылары қойылды. Бүгінде бұл білім ордасында 134 бала 12 мамандық бойынша оқиды. 27 жеткіншек “Кескіндеме” бөлімінде білім алады. Мадияр Бейсембаев көрмеге қойылған “Ұлы …

Көктем бояулары Read More »

Жаңғырған жарапазан

Петропавлдың орталық көшесі – Қазақстан Консти­туциясының бойында қазақ­тың ұлттық киімін киіп, домбыраны күмбірлеткен бір топ адам жарапазан айтып, көне дәстүрді жаңғыртты. Іс-шараның өтуіне “Қызыл­жар” орталық ме­шіті ұйытқы болды. Имамдар мен мешіт шәкірттерінен құралған жарапазаншылар халық көп жиналатын сауда орталығына барып, жұртшылықты Рамазан айымен және Наурыз мейрамымен құттық­тады. Аталарымыз бата беріп, әжелеріміз шашу шашып, жиналғандар мәре-сәре …

Жаңғырған жарапазан Read More »

Тұлпар тұяғының дүбірі

Ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-бай­тақ даламызда тұлпарлар тұя­ғы­ның дүбірі жиі естілген. Ұлан-асыр той болса, өр мінезді жігіт­тер сәй­гүліктерін сайлап, жанкүйерлер де­лебесін қоздырған ойын­дарға қа­тыс­қан. Байырғы заманнан келе жатқан дәстүрді сақта­ған азамат­тар бүгін де бар. Олардың бірі – “Zha Group” компа­ния­сының басшы­сы Жәнібек Есілбаев. Наурыз мейрамына орай ол Шал ақын ауданының Бірлік ауылын­да көкпардан жарыс ұйымдастырды. …

Тұлпар тұяғының дүбірі Read More »

Қызыл су кешпеу үшін…

Теріскейде сіресіп жатқан қар кө­бесі сөгілді. Мамандардың мәліметі­не сүйенсек, наурыз айының соңғы онкүндігінде ауа температурасы күн­діз де, түнде де жылы болып, қар жылдам ерімек. Яғни қар суымен алысар күн алыс емес. Қазір Есіл өзеніндегі су жыл­дағыдан жоғары болса, жердің қатуы жарты метрден ас­қан. Мұндай жағдайда алдын ала әзірлік аса қажет. Облыстық төтенше жағдайлар де­партаментінің басшысы …

Қызыл су кешпеу үшін… Read More »

Екі ойыннан кейін есеп тең

Шайбалы хоккейден жастар ли­гасы ойындарының плей-офф кезе­ңі жалғасуда. Жартылай финалда жергілікті “Qulager” клубы “Ақтөбе” командасына қарсы екі ойын өткізді. Жерлестеріміз жартылай фи­нал­дың алғашқы екі кездесуін Ақ­төбе қаласында өткізген болатын. Ал­ғашқы ойында айдын иелеріне 2:1 есебімен есе жіберді. Бірінші кезеңде жерлес­теріміз сапынан Даниил Варла­мов нәтижелі соққы жасады. Кейін ақтөбеліктер таразы басын теңестірді. Шайба авторы – Игорь …

Екі ойыннан кейін есеп тең Read More »

ЕЛ ЕРТЕҢІ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

Наурыздың 19-ы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. Өңір басшысы Айдарбек Сапаров облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында орналасқан №595 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Мұнда 1338 сайлаушы тіркелген. Сайлау учаскесі ашыла сала келген тұрғындардың басым бөлігі зейнеткерлер болды. Солардың бірі Аманжол Нұртаев қалыптасқан әдетімен алғашқылардың қатарында дауыс …

ЕЛ ЕРТЕҢІ ҮШІН МАҢЫЗДЫ Read More »

МӘЖІЛІСКЕ АЛТЫ ПАРТИЯ ӨТПЕК

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19 пайызы бюллетень алғанын хабарлады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сайлаушылардың Абай облысы бойынша – 57,2 пайызы, Ақмола облысы бойынша – …

МӘЖІЛІСКЕ АЛТЫ ПАРТИЯ ӨТПЕК Read More »