«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Екі ойыннан кейін есеп тең

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шайбалы хоккейден жастар ли­гасы ойындарының плей-офф кезе­ңі жалғасуда. Жартылай финалда жергілікті “Qulager” клубы “Ақтөбе” командасына қарсы екі ойын өткізді.

Жерлестеріміз жартылай фи­нал­дың алғашқы екі кездесуін Ақ­төбе қаласында өткізген болатын. Ал­ғашқы ойында айдын иелеріне 2:1 есебімен есе жіберді. Бірінші кезеңде жерлес­теріміз сапынан Даниил Варла­мов нәтижелі соққы жасады. Кейін ақтөбеліктер таразы басын теңестірді. Шайба авторы – Игорь Понома­рев.

Екінші кезеңде бірде-бір коман­да есепті еселей алмады. Тек шешуші кезеңде ақтөбеліктердің айы оңынан туды. Михаил Калиниченко­ның соққысы қақпаға дәл дарыды. Осылайша бірінші ойында “Ақтөбе” клу­бы жеңіске жетті.

Қарымта кездесуде бес шайба соғылды. Бұл ойында да бірінші бо­лып, қызылжарлық хоккейші Даниил Варламов есеп ашса, екінші кезеңде ақтөбелік Максим Мозжериннің соқ­қысы қақпа торынан табылды. Жерлестеріміз жігер танытып, Та­мерлан Бейсембиев, Павел Анисимов, Даниил Варламовтың шайба­лары солтүстікқазақстандық командаға жеңіс әкелді. Қорытынды есеп 4:1.

Жерлестеріміз “Ақтөбе” командасына қарсы қарымта қос кездесуді наурыздың 21-і және 22-сі күндері өз айдынында өткізеді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp