«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қызылжардағы шеберлер көрмесі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Dostyq Mall” ойын-сауық орталығында “QYZYLJAR шеберлер мекені” атты қолөнершілер фестивалі басталды. Шара 22-ші наурызға дейін жалғаспақ. Сондай-ақ шеберлердің жұмыстары­мен қаланың бас алаңында да танысуға болады.

Фестиваль ұйымдастырушыла­ры – облыстық мәдениет, тілдерді да­мыту және архив ісі басқармасы, өңі­ріміздегі музей бірлестігінің маман­дары дәстүрлі қолөнерді сақтауды, халықтық сәндік-қолданбалы өнерді насихаттауды және дамытуды көз­деп отыр.

Фестивальға еліміздің жеті өңірінен және Ресейдің Қорған, Омбы облыстарынан 22 шебер қа­ты­суда. Олар келушілер назарына әртүрлі техникада орындалған қолдан жасалған бұйымдардың түр-түрін ұсынды. Ағаш, былғары мен металды өңдеп, киіз басып, кесте тігіп, құрақ құраған ше­берлердің өнері қызылжарлықтарды таңдай қақтырды.

Алдағы күндері қолөнершілер Петропавлдың Орталық алаңында тігілген киіз үйлерде көрмелер мен шеберлік сыныптарын өткізбек.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp