«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көктем бояулары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қала тұрғындары “Күлімдеп көктем туған­да” атты сурет көрмесін қызыға тамашалады. Онда Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі дарынды ба­лаларға мамандандырылған мек­теп-интернат кешені оқушыларының натюрморт, сюжеттік композиция, пейзаж, декоративті композиция жанрлары бойынша жиырмаға тарта туындылары қойылды.

Бүгінде бұл білім ордасында 134 бала 12 мамандық бойынша оқиды. 27 жеткіншек “Кескіндеме” бөлімінде білім алады. Мадияр Бейсембаев көрмеге қойылған “Ұлы дала” деп ата­латын суретін салуға екі айға жуық уақытын жұмсаған. 9-шы сыныпта оқитын талапты жас бейнелеу өне­рімен 8 жасынан бастап айналысып келеді. Көрмеге ұсынған туындысын­да туған жеріміз, еліміз үшін жан беріп, жан алысқан батырларымыздың бейнесін сомдаған. Көбіне гуашь пен акварельді қолданады.

Оқу орны директорының орынба­сары Ғалия Ғалаутдинова балғын суретшілердің болашақта бейнелеу өнерінің қыр-сырын жете меңгеріп, атақты қылқалам иелері болатындарына сенімді.

Нұржанар ПАРТИЗАН,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp