«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МӘЖІЛІСКЕ АЛТЫ ПАРТИЯ ӨТПЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19 пайызы бюллетень алғанын хабарлады.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сайлаушылардың Абай облысы бойынша – 57,2 пайызы, Ақмола облысы бойынша – 60, Ақтөбе облысы бойынша – 58, Алматы облысы бойынша – 60,3, Атырау облысы бойынша – 51,23, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 59,20, Жамбыл облысы бойынша – 65,21, Жетісу облысы бойынша – 55,32, Қарағанды облысы бойынша – 59,48, Қостанай облысы бойынша – 65,10, Қызылорда облысы бойынша – 67,21, Маңғыстау облысы бойынша – 54,10, Павлодар облысы бойынша – 58,68, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 65,25, Түркістан облысы бойынша – 53,1, Ұлытау облысы бойынша – 58,99 , Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 64,15, Астана қаласы бойынша – 42,91, Алматы қаласы бойынша – 25,82, Шымкент қаласы бойынша – 45,46 пайызы дауыс берген.

“Аумақтық комиссиялардың ақпаратына сәйкес, астана уақытымен сағат 22:00-де тізімдерге енгізілген 12 млн. 35 578 азаматтың 6 млн. 521 860-ы бюллетень алды”, – деді Константин Петров.

“Qazaqstan” телеарнасы өткізіп жатқан онлайн телемарафонда кезектен тыс Мәжіліс сайлауының алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды. “Еуразиялық интеграция институты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген Еxit poll нәтижесіне сүйенсек, “Amanat” партиясы – 53,46 пайыз, “Ауыл” халықтық-демократиялық партиясы – 10,52, “Respublica” партиясы – 8,9, Қазақстан халық партиясы – 6,25 , “Байтақ” жасылдар партиясы – 3,22, “Ақ жол” Қазақстан демократиялық партиясы – 7,87, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,31 пайыз дауыс жинаған. Қалған 4,47 пайыз респондент “бәріне қарсымын” бағанын таңдаған.

Сауалнамаға 230 мың сайлаушы қатысқан. Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында сайлау учаскелерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама жүргізді. Институт өкілі Айгерім Ергенболатқызы сауалнама 200 сайлау учаскесін қамтығанын айтты. Олардың 124-і қалаларда, 76-сы ауылдарда орналасқан. Сауалнамаға барлығы 230 мың сайлаушы қатысыпты. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1 пайыздан аспайды, – дейді институт өкілі.

(“Қазақпарат” агенттігі материалдары негізінде әзірленді).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp