«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Экономикада өсім бар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2023 жылғы қаңтар-ақпан айла­рында өнеркәсіп өндірісінің кө­лемі – 17,2, негізгі капиталға салын­ған инвестициялар – 13,4, құрылыс жұ­мыстары – 4,3, ауыл шаруашы­лығы өнімін шығару 4,1 пайызға өсті.

Негізгі капиталға құйылған ин­вес­тициялар көлемі – 30,8 млрд. тең­ге. Шаруашылық жүргізетін субъек­тілердің меншікті қаражаты (инвестициялардың жалпы мөлше­рі­нің 57,9 пайызы) негізгі капиталға салынған инвестицияларды қар­жыландырудың негізгі көзі болып қалып отыр. Негізгі капиталға құ­йыл­ған инвестицияларды игеру бо­йынша басым салалар: ауыл, ор­ман және балық шаруашылығы (57,8%), өнеркәсіп (19,9%), жылжы­майтын мүлікпен жасалатын опе­рациялар (8,2%), көлік және қой­малау (7,1%.)

Екі айдың ішінде ауыл шаруа­шылығы жалпы өнімінің көлемі 32,7 млрд. теңгені құрады. Мал мен құс­тың барлық түрлері бойынша тірідей салмақта 18,9 мың тонна ет өткізілді, 47,9 мың тонна сүт са­уылды, 86,9 млн. дана тауық жұ­мыртқасы алынды.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 83 млрд. теңге болды. Кен өндіру өнер­кәсібінде өндіріс көлемі – 0,7 млрд., өңдеу өнеркәсібінде – 65,5 млрд., электр энергиясымен, газбен, бу­мен, ыстық сумен және ауаны кон­дициялаумен жабдықтауда – 13,7 млрд., сумен жабдықтау, қалдық­тар­ды жинау, өңдеу және жою, ластану­ды жою бойынша – 3,1 млрд. теңге.

Тамақ өнімдерінің өндірісі 19,9 пайызға, оның ішінде үй құсының жас, тоңазытылған және мұздатыл­ған еті – 2,4, ет және тағамдық қо­сымша өнімдер – 2,1, тазартылмаған өсімдік майы – 1,7, ауыл ша­руашылығы малдарына дайын азық – 1,5 есеге, сарымай және сүт өнім­дері 24,3 пайызға өсті.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,7 млрд. теңге болды, тұр­ғын, емес ғи­мараттар құрылысының үлесі ба­сым. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы – 9775 шаршы метр. 1 шаршы метр пайда­лы алаңға жұмсалған шығын – 136,9 мың теңге.

Бөлшек сауда көлемі 45,9 млрд. теңгеге жуықтады. Онда азық-түлік тауарларының үлесі – 43,7, азық-түлік емес тауарлар – 56,3 пайыз. Көтерме сауда көлемі 61 млрд. тең­геге жетті. Оның құрылымында азық-түлік емес және өндірістік-тех­ника­лық тауарлардың үлесі көп (83,5%.)

Алдын ала деректер бойынша қаңтар айында Еуразиялық эконо­ми­калық одақ елдерімен өзара сау­да көлемі 35,4 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экс­порт – 8 млн. АҚШ доллары (15,5%-ға ар­тық), импорт – 27,4 млн. АҚШ дол­лары (15,8%-ға кем).

Әлия АРҒЫМБАЕВА,

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы облыстық департаментінің бас маманы-баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp