«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Табиғатқа жанашырлық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Жер сағаты” дүниежүзілік эко­ло­гиялық акциясына өңірден 10 кәсіп­орын мен мекеме қатысуға тілек біл­дірді.

Облыстық экология департа­мен­­ті баспасөз қызметінің мәліме­тінше, “Жер сағаты” экологиялық акциясы 25 наурыз күні сағат 20:30 және 21:30 аралығында өтпек. Іс-шараны Дүниежүзілік таби­ғат қоры ұйымдастырған. Шара табиғатқа және Жер ресурстарына жауапкершілікпен қа­рау қажеттілігіне, ғаламдық климаттың өзгеру проблемасына адамдардың назарын ау­дартуды көздейді.

“Дәстүрлі акцияға әлемнің 180 елі қатысады. Қазақстан оған биыл 14-ші рет қосылғалы отыр. Осы күні миллиондаған адам 1 сағатқа электр қуатынан бас тартып, жарық пен электр құрылғыларын сөндіреді. Сәу­лет ескерткіштері жарықтандырыл­май­ды”, – дейді өңір экологтары.

Мамандардың айтуынша, акция­ға “Севказэнерго” акционерлік қоға­мы, “Қызылжар су”, “Изолит”, “Радуга” жауапкершілігі шектеулі серіктес­тіктері, “Нұра топтық су құбыры” ша­руашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпор­ны­ның “Есіл су” филиалы, Оңтүстік-Орал темір жолының бөлімшесі, М.Қо­зыбаев атындағы Солтүстік Қазақ­стан университеті, Петропавл қаласы­­ның әкімдігі, “Киров атындағы зауыт” акционерлік қоғамы, “Қазсушар” респуб­ликалық мемлекеттік кәсіпор­нының облыстық филиалы қатыспақ.

Бұдан бөлек, 25 наурызда Ғабит Мүсірепов және Гашек көшелерінде Жамбыл көшесінен бастап №2 ЖЭО-ға дейін, Мұхтар Әуезов көшесінде Индустриальный өтпесінен “Маслодел” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне дейін көше жарығы бір сағатқа сөндірілмек.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp