ТАСҚЫННЫҢ АЛДЫН АЛУ — ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Облыс әкімі Айдарбек Сапаров су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылап, гидротехникалық құрылыстардың жағдайын тексерді. Қызылжар ауданы Тепличное ауылындағы, облыс орталығының Былғары зауыты шағынауданындағы, Ущев көшесінің бойындағы және Заречный кентіндегі бөгеттердің жағдайымен танысып, су тасқынына қарсы шараларды дер кезінде жүргізіп, гидротехникалық құрылыстарды жөндеуді тапсырды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.