«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сайлаушылар таңдауы – Еркебұлан Мәмбетов

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Орталық сайлау комиссиясы 19 наурызда өткен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады. Өңірлерден алынған жедел деректер бойынша сайлаушылар тізіміне 12035578 адам енгізіліп, барлық сайлау учаскелеріне 6366441 ел азаматы келіп, өз таңдауын жасаған.

Облыстар мен республикалық ма­ңызы бар қалалардың сайлау учаскелері берген алдын ала нә­тижелер бойынша Парламент Мә­жі­лі­сіне 6 партия өтті. Атап айт­қанда, “Amanat” партиясы сайлау­шылардың 53,9 пайыз дауысын жи­наса, “Ауыл” халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 10,9, “Respublica” партиясы – 8,59, “Ақ жол” демократиялық партиясы-8,41, Қазақстан халық партиясы – 6,8, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,20, “Байтақ” жасылдар партиясы 2,3 пайыз элек­торат сеніміне ие болды.

Дауыс беру күні 80 мыңнан аса ұлттық байқаушы сайлау барысын бақ­ылады. Оның ішінде, кандидат­тардың сенім білдірген 38000 өкілі, саяси партиялардан – 19036, ак­ре­диттелген 252 қоғамдық бірлес­тік­тер­дің атынан келген 23383 бай­қау­шы бар. Бұдан бөлек, сайлау ба­ры­сын бақылауға халықаралық ұйым­дардың 793 байқаушысы қатысты.

Сондай-ақ сайлауға мажори­тар­лық жүйемен қатысқан канди­даттарға дауыс берудің де алдын ала нәтижелері белгілі болды. Об­лыстар бойынша анықталған дауыс санына қарай жоғары пайыз жина­ған үміткерлер алғаш рет баламалы мажоритарлық жүйемен сайлана­тын Парламент Мәжілісінің депу­таттары атанады. Орталық сайлау комиссиясы та­ратқан алдын ала нәтижелерге қара­ғанда Солтүстік Қазақстан об­лы­сындағы №24 сай­лау округі бо­йын­ша сайлауға түскен Орынбай Атығаев – 6297 дауыс, Бауыржан Есмұ­қанов – 3597 дауыс, Олег Ива­нов – 24436 дауыс, Денис Криво­шеев – 19487 дауыс, Руслан Қа­йыр­беков – 5121 дауыс, Ерке­бұ­лан Мамбетов 153736 дауыс, Кәрі­бай Мұсырман – 4452 дауыс, Мұх­тар Серікбаев – 5785 дауыс, Иван Турков – 4151 да­уыс, Омари Хар­бедия – 3656 дауыс жи­нады. Да­уыс беруге қатысқан сай­лау­шылар­дың саны – 250443. Кан­ди­даттар­дың бә­ріне қарсы 10529 дауыс бе­рілді.

Осылайша №24 сай­лау округінен сайлаушылардың ба­сым дауысына ие болған “Мәм­бетов және К” командиттік се­ріктес­тігінің бас директоры Ерке­бұ­лан Нұр­мағамбетұлы Мәмбетов айқын жеңіске жетті.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp