«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Qulager” – финалда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Qulager” клубы шайбалы хоккей­ден жастар командалары арасындағы ел біріншілігінің ақтық сынына шықты. Солтүстікқазақстандық хок­кейшілер жартылай финалда “Ақтөбе” командасына қарсы бес кездесу өткізіп, 3 рет жеңіске жетіп, 2 ойында есе жіберген болатын.

Шешуші матч Ақтөбе қаласында ұйымдастырылып, жерлестеріміз алаң иелерінен 2:3 есебімен басым түсті. Жартылай финалдың соңғы ойынында “Qulager” сапынан Данила Пиниди, Никита Селезнев пен Павел Анисимов нәтижелі соққы жасады. Ал “Ақтөбе” клубынан Владислав Плотников пен Михаил Калиниченко шайба соқты.

Енді солтүстікқазақстандық клуб алтын жүлде үшін елордалық “Барыспен” таласқа түседі. Финалдың бірінші және екінші туры наурыздың 29-ы мен 30-ы күндері Астана қаласында өтеді. Кейін қарымта ойындар Петропавлда сәуірдің 2-сі мен 3-і ұйымдастырылады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp