«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Он төрт жылын түрмеде өткізеді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айыртау ауданының Новоукраинка елді мекеніндегі түзету мекемесінде былтыр болған кісі өлтіру фактісіне қатысты сот үкімі шықты.

Облыстық қылмыстық істер бо­йынша мамандандырылған ауданара­лық сотының мәліметінше, өткен жылы 9 қарашада қылмыстық атқа­ру жүйесі департаментінің Айыртау ау­данындағы №51 түзету мекемесін­де адам өл­тіру фактісі тіркелген. П. есімді сот­талушы темір балға­мен камераласының басынан бірнеше рет ұрып өлтірген.

Сотталушының кінәсі куәгерлердің айтуымен, бейнежазбамен және сараптаманың қортындысымен толық дәлелденді.

Прокурор П.-ны 16 жылға бас бостандығынан айырып, қылмыс­тық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші­нің өкілі де прокурордың ұстанымы­мен келісті.

“Бұл аса ауыр қылмысқа жата­ды. Сот оның кінәсін жартылай мойындауын жазаны жеңілдететін жағдай ретінде қабылдады, ал жа­засын өтеп жатып қайта қылмыс жа­сауын ауырлататын мән-жай ретін­де таныды”, – делінген баспасөз ха­бар­ламасында.

Сот үкімімен адам өлтіргені үшін П.-ға 12 жыл бас бостандығынан айы­ру түрінде жаза тағайындалды. Бұ­дан бұрын да істі болған оның жа­засын өтемеген бөлігі де есепке алынды. Ол алдағы 14 жылын түр­меде өткізбек. П. жазасын қылмыс­тық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі ба­рынша жоғары мекемесінде, өтейді. Сондай-ақ сотталғаннан жәбірлену­шінің өкіліне моральдық шығын өндіріліп алынды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp