«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мәскеуден келген маман шеберлік сағатын өткізді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық көпбейінді аурухана жанындағы кардиологиялық орта­лықта Мәскеуден келген маман тә­жірибесімен бөлісіп, солтүстікқазақ­стандық дәрігерлер­мен бірге бітелген қан тамырына дә­рілік жабындысы бар коронарлық баллонды енгізді. Мұндай техноло­гия елімізде алғаш қолданылып отыр.

Дәрілік жабындысы бар коронарлық баллон әлемнің 10-нан астам клиникасында соңғы үш жылдан бері пайдаланылуда. Мәскеулік маманның көмегімен аз инвазивті ота облыстың 4 тұрғынына жасалды. Солардың бірі – 68 жастағы әйел.

Импланттау технологиясын меңгерген кардиологтардың айтуынша, операция кезінде науқас есін біліп жатады. Кішкентай ғана тілік арқылы ем-дом жүргізілетіндіктен, сырқат аяғына тез тұрып кетеді.

“Бұл жаңа заманауи өнім, инновациялық зерттеме жүректің ишемиялық ауруы бар сырқаттарға қолданылады. Жүректің ишемиялық ауруы қайдан пайда болады? Қан та­мырлардың ішкі қабатында холес­те­риннің жиналып қалуынан ол тары­лады, бітеледі. Мұндайда біз әдетте стент қоямыз. Бірақ стентті имплант­тағаннан кейін уақыт өте келе ол өсуі немесе тромб пайда болуы мүмкін. Бұл науқастың өмір сапасын нашарлатады. Біз мұн­дай жағдай орын алмас үшін дәрілік жабындысы бар коронарлық бал­лонды қолдана аламыз”, – дейді кар­диологиялық орталықтың рентген­эн­доваскулярлық хирургия және сәуле­лік диагностика бөлімінің меңгерушісі Дмитрий Тё.

Кардиологтың айтуынша, коронарлық стент қойғаннан кейін науқастардың 10 пайызында рестеноз, яғни қан тамырының қайта тарылуы немесе бітелуі байқалады. Ал дәрілік жабындысы бар коронарлық баллонды енгізуден кейін ешқандай асқыну байқалмайды.

“Бұл баллондарда стенттерде кездесетін кемшіліктер жоқ. Жергілікті анестезия арқылы қолға кішкентай ғана тілік жасалады, ол жерге катетер қойылып, күретамыр арқылы енгізіледі. Баллонды имплан­тациялағаннан кейін бір минут ішінде дәрілік зат зақымданған та­мырдың ішкі қабырғасына өтеді. Бі­телген тамыр ашылып, қан ағыны қалпына келеді. Ал баллон қайтып алынады. Тағы бір айта кететін жайт, егер бұрын стент қойғаннан кейін нау­қас қанды сұйылтатын препараттарды бір жыл ішсе, енді тек бір ай ғана қабылдайды. Бұл қан кету қатері бар сырқаттарда асқынуды болдыр­майды”, – дейді Дмитрий Тё.

Мамандар жүректің ишемиялық ауруы саламатты өмір салтын ұстан­баудан туындайтынын айтады. Дұ­рыс тамақтанбағаннан, аз қозға­л­ғандықтан, темекі шегіп, арақ-шарап­ты шамадан тыс қолданудан уа­қыт өте келе тамыр қабырғалары май шөгінділерімен, холестеринмен жабылуы мүмкін.

Жалпы облыстық кардиология­лық орталықта мамандар қазір жы­лына 1200 стент қояды. Енді оның бір бөлігі дәрілік жабындысы бар коронарлық баллонды енгізумен ал­мастырылмақ. Ота МӘМС аясында тегін жасалады.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp