«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕГІН КУРС – ТАПТЫРМАС МҮМКІНДІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғылым және жоғары білім ми­нистр­лігі қазақстандық бірқатар жо­ғары оқу орнының студенттеріне “Cou­rsera” халықаралық білім беру платформасында тегін оқуға жағдай жасамақ. Мұндай игілікке М.Қозы­баев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері де қол жеткізеді. Білім ордасында оқып жат­қан 500 өрен IT, педагогика, психол­гия, инклюзия, бизнес және басқару сияқты бағыттар бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 50 курстан өтпек.

“Студенттерге әлемдегі жетекші университеттер – Стэнфорд, Йель, Беркли және басқа білім ордалары оқытушыларының, профессорла­ры­ның курстары ұсынылады. Олар кәсіп бастау және жүргізу, оқушы­ларды сапалы оқыту ісін жан-жақты меңгеріп шықпақ”, – дейді М.Қозы­баев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің академиялық сапа және талдау бөлімінің әдіскері Әй­герім Мейрам.

Аталған курс мерзімі төрт аптаға созылмақ. Кейін өрендерге сертификат та­быс етіледі. “Coursera” жобасы 77 мил­лионнан астам студентті қам­тиды. Бүгінде 270-тен астам универ­ситетпен және компаниямен ынтымақ­тастық орнатқан. Шетелдік про­фессорлардың еңбектеріне және әлемнің жетекші компанияларының үздік тәжірибелеріне қол жеткізу арқы­лы қазақстандық студенттер бәсе­кеге қабілеттіліктерін шыңдай ала­ды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp