Алимент төлемейтіндер мен айыппұлдар бойынша борышкерлер өңір полицейлерінің ерекше назарында. Оларды іздестіру бойынша акцияны облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі бөлімшелерінің мамандары өткізді. Өңір полицейлері үш күннің ішінде алимент төлеуден жалтарып жүрген 9 адамды тапты.
Тайынша ауданының шалғай ауылдарының біріндегі 3 жасар қызына қарызын өтеуден қашып жүрген 27 жастағы солтүстікқазақстандықтың тұрғылықты жері анықталды.
– Іздестіру шаралары тұрақты негізде жүргізіледі. Қазіргі уақытта көші-қон қызметі бөлімшелерінің өндірісінде борышкерлер мен алимент төлемейтіндерге, сондай-ақ туыстық байланысын үзген адамдарға қатысты 60 іздестіру ісі бар. Оның 45-і елден тыс жерде, оларға мемлекетаралық іздеу жарияланды, – деді облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.