«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Балаларына берешек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алимент төлемейтіндер мен айыппұлдар бойынша борышкер­лер өңір полицейлерінің ерекше на­зарында. Оларды іздестіру бойынша акцияны облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі бө­лімшелерінің мамандары өткізді. Өңір полицейлері үш күннің ішінде алимент төлеуден жалтарып жүр­ген 9 адамды тапты.

Тайынша ауданының шалғай ауылдарының біріндегі 3 жасар қызына қарызын өтеуден қашып жүрген 27 жастағы солтүстікқазақ­стандықтың тұрғылықты жері анықталды.

– Іздестіру шаралары тұрақты негізде жүргізіледі. Қазіргі уақытта көші-қон қызметі бөлімшелерінің өндірісінде борышкерлер мен али­мент төлемейтіндерге, сондай-ақ туыстық байланысын үзген адамдарға қатысты 60 іздестіру ісі бар. Оның 45-і елден тыс жерде, оларға мемлекетаралық іздеу жарияланды, – деді облыстық по­лиция департаменті көші-қон қыз­меті басқармасының бастығы Тал­ғат Әбілов.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp