«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жылу-электр орталығы жаңартылады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Айдарбек Сапаров “Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы” акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі, “Севказэнерго” акционерлік қоғамының құрылтайшысы Сергей Канмен кездесті. Бұл туралы облыс әкімі “Фейсбук” әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. “Менің шақыртуыммен өңірімізге Сергей Кан келді. Кездесу барысында №2 жылу-электр орталығының жай-күйі және жылу желілерін жаңғырту бағдарламасы талқыланды”, – деп жазды Айдарбек Сапаров.

Алғашында құрылтайшылар станса қондырғыларын салу және жөндеуге 6 млрд. теңге бөлуді жоспарлаған еді. Жиында Сергей Кан бұл соманың 9 млрд. теңгеге дейін өскенін айтты. Аталмыш қаржыға қазандықтар жөнделіп, жаңа мұржа салынады.

Тағы 3 млрд. теңге жылу және электр желілерін жаңартуға бағытталады. Жалпы биыл құрылтайшылар компанияның өз қаражатынан 12 млрд. теңге бөлмек.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp