«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кәсіпкердің құқығы қорғалады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қорғау арқылы шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтарына қол сұғылмаушылық қамтамасыз етіледі. Олқылық орын алған жағдайда азаматтың құқығын қорғау, түрлі бұрмалаушылықтардың салдарын жою прокуратура саласы қызметкерлерінің басты міндеті болып табылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларында бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау бойынша прокурорлық қадағалаудың пәрменділігін арттыру талабын қойғаны мәлім. Бұл тапсырма прокуратура органдарының тұрақты бақылауына алынған. Өткен жылы күшіне енген “Прокуратура туралы” Конституциялық заң кәсіпкерлер құқықтарының сақталуын қадағалауға тың серпін берді.

Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары, олардың лауазымды тұлғалары, меншік нысанына қарамастан, өзге де мекемелер тарапынан кәсіпкерлердің қызметіне араласу фактілері расталса, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру өтініштері 24-бапқа сәйкес қаралады.

Осы қағидаттарды іске асыру мақсатында облыстық көлік прокуратурасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильдік топ жұмыс істейді. Қадағалау органының сенім телефондары мен деректері Бас көлік прокуратурасының ресми сайтында және инстаграмдағы интернет-парақшасында жарияланған. Заң бұзушылықтар болған жағдайда кәсіпкерлер Солтүстік Қазақстан көлік прокуратурасына жүгіне алады.

Мобильдік топтың мақсаты – бизнес қызметіне теріс әсер ететін мәселелерді жедел шешу. Биыл 22 ақпанда Солтүстік Қазақстан көлік прокуратурасына халықаралық тасымалдаушы, яғни “Еурокрук” көлік компаниясынан шағым түсті. Онда көліктік бақылау инспекциясы тарапынан қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін тұқым тасымалдауды жүзеге асыруға кедергі жасалғаны айтылған. Тексеру барысында көліктік бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган халықаралық тасымалдарға рұқсат бола тұра негізсіз талап қойғаны анықталды. Салдарынан тасымалданатын жүк өткізу пунктінде тұрып қалып, жеткізу мерзімінен кешігу қаупі туындаған. Прокуратура қызметкерлерінің араласуы нәтижесінде тауарды әкелуге рұқсат қысқа мерзімде берілді.

Әмір ӘБІЛМӘЖІНОВ,

облыстық көлік прокуратурасының прокуроры, кіші әділет кеңесшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp