«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мұғалімдер арасындағы “Мағжан оқулары”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай об­лыс­та алғаш рет мұғалімдер арасында “Мағжан оқулары” ғы­лыми-зерттеу олимпиадасы ұйымдастырылды. Білім сайысына өңірдің түкпір-түкпірінен жиналған 22 ұстаз қатысты. Олардан ақынның шығармашылығын жан-жақты зерттеу талап етілді.

Байқау үш аталым бойынша өт­кізілді. Біріншісінде үміткерлер – Мағжан ақын шығармаларын тақы­рыптық тұрғыдан талдауға тырысты. Екінші бөлімде Алаш ардақты­сының өмірін терең зерттеуге мән берілді. Сайыстың соңғы кезеңінде ақын мұраларын педагогикалық тұрғыдан зерделеу қажет болды.

Сайысқа қатысушылардың бірі – Қызылжар ауданындағы “Қызыл­жар-Абай” мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Перизат Молдағожина. Ол өзінің зерттеу ма­қаласының тақырыбын “Сылдырап өңкей келісім. Мағжан өлеңдеріне көркемдік талдау” деп атапты. Оның бұл еңбегі қазылар алқасы мү­шелері тарапынан жоғары бағаланып, екінші орынға лайық деп танылды.

– Зерттеу мақаламның мақсаты мен өзектілігі туралы айтатын бол­сам, қазіргі кезде қазақ жастарының арасында көркем, әдеби тілде сөй­леу азайып бара жатыр. Яғни қазақ тіліндегі көркем әдеби шығарма­лардың мағынасын жастар жетік тү­сіне алмай жүр. Мен марғасқа ақын Мағжан шығармаларына талдау жа­сай отырып, олардың мағынасын, мәнін жастарға жеткізуді мақсат еттім, – дейді қатысушы.

Байқау нәтижесі бойынша же­ңіске жеткен ұстаздар арнайы гра­моталармен марапатталды. Алдағы уақытта педагогтар арасында Мағжан оқуларының республикалық кезеңі ұйымдастырылмақ.

Сержан НҰРДОЛҚЫНҰЛЫ,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp