«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚШ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келген АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниэл Розенблюммен кездесті.

Айдарбек Сейпілұлы өз сөзінде біздің облыс әлемнің 60 елімен экономикалық, сауда-саттық, оның ішінде АҚШ-пен жоғары деңгейдегі қатынастар орнатқанын жеткізді. Сыртқы сауда айналымы 1,5 есеге артқан. Жалпы сомасы 11 млн. долларды құраған, көрсеткішті ұлғайтудың жолдары көп. Инвесторлар келетін болса, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, кен орындары салаларын дамытуға мүмкіндік мол.

Мәртебелі мейманға “Қызылжар” еркін экономикалық аймағында орналасқан “CLAAS” компаниясының өкілдігі жайлы ақпарат берілді.

– Осындай қуатты кәсіпорындар ашуға, “John Deere” техникасын құрастыру зауытын құруға мүдделіміз. Осы маркамен шығарылған техника жергілікті фермерлер тарапынан сұранысқа ие, – деді өңір басшысы.

Дэниэл Розенблюм солтүстікқазақстандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің әлеуетін жоғары бағалады. Ол “John Deere” өкілдігін құру үшін АҚШ-тың сауда министрлігіндегі әріптестерімен хабарласатынын, барлық мүмкіндіктерді қарастыратынын, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде болғанын, Аризона университетінің дипломын алатын жастармен кездескенін айтты.

Байболат ҚҰЛТАНОВ,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp